Текст
Бүгін 4 шілдеде мектеп жанындағы "Ромашка"алаңының екінші маусымы өз жұмысын бастады. Бұл топқа 0-4 сынып оқушылары кіреді. Бүгінгі күн "Ертегілер күні" деген атпен өтті. Жұмыс уақытында оқушылар "Ертегіде қонақта" атты турнирге қатысты, сондай-ақ қозғалмалы ойындар мен "ертегі стафеттері"жарыстарын ойнады.